Сондай-ақ оның айтуынша, екі қылмыстық бап бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.  


«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 462-бабы «Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер таратылуына байланысты ҚР ҚК 274-бабы «Әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы жағдай бақылауда. Біз жұмысты жалғастырамыз, қоғамдық тәртіпке қатысты келіп түскен өтініштерге уақытылы ден қоюды қамтамасыз етеміз», - деп қысқаша баяндады генерал.