«Форумның тақырыбы – «Зияткерлік меншікті қорғаудың жаһандық сын-қатерлері: жаңа шынайылық». Бұл тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес. Статистика бойынша, соңғы 5 жылда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде 80 млн-нан астам контрафактілік тауар анықталды. Бұл ретте анықталған бұзушылықтардың тек 90% - ы ғана тауар белгілерін заңсыз пайдалану саласындағы бұзушылықтарға жатады, яғни тауар айналымына тиесілі. 2020 жылы ЕАЭО елдерінің аумағында зияткерлік меншік саласында 11 мыңға жуық бұзушылық пен қылмыс анықталды. ЕАЭО елдерінде анықталған контрафактінің көлемі 13,5 млн-нан астам өнім бірлігін құрайды. Қаржы жағынан айтсақ, 5 млрд рубльден астам мөлшерде құқық иеленушілерге келтірілуі мүмкін залалдың алды алынды деуге болады», - деді спикер. 


Бірақ Жолдыбаеваның айтуынша, бұл көрсеткіштер 2019 жылдағы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Бір жағынан, пандемия жағдайында тауар айналымы айтарлықтай азайды: контрафактілік тауарларды таратудың жасырын схемаларын пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық коммерция күрт жанданды. Ал екінші жағынан, ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекеттік органдарының тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы айтарлықтай күшеюі. 


«Контрафакт тақырыбы сан қырлы. Біз ЕАЭО елдерінің нарығын қарақшылық және контрафактілік өнімдер түсімдерінен қорғауымыз қажет. Осыған байланысты, форумның он тақырыптық сессиясы шеңберінде цифрлық кеңістікте нарыққа қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; фармацевтикалық нарықтағы контрафакт; бәсекелестікті қорғау және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қамтамасыз ету; тауарларды бақылап отыруды таңбалаудың бірыңғай жүйесін құру; және ЕАЭО елдерінің аумағында сертификаттау нарығын дамыту сияқты проблемалар талқыланады», - деп мәлімдеді ЕЭК өкілі.