Санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Жылжымалы сабақ кестесін белгілеу жоспарланған. Оқу барысында «бір аудитория – бір топ» қағидасы қатаң сақталады. Ал, аудиторияларды желдету және санитарлық тазарту жұмыстары үшін үзілістер де қарастырылған. Жұқпалы ауру белгілері пайда болған жағдайда студенттер оқуларын қашықтан жалғастыра алады. Бұдан басқа, эпидемиологиялық жағдай нашарлап, құзырлы органның тиісті шешімі болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшу бойынша дайындығы пысықталуы тиіс. Жоғары оқу орындарымен студенттерді офлайн режимнен онлайн форматқа ауыстыру бойынша жоспар, яғни алгоритм әзірленеді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу және шетелдік тағылымдамалардан өту шараларын қайта бастау көзделген», - деді спикер.  


Вице-министр студенттерге жаңа оқу жылы қарсаңында сәттілік тілеп, өздеріне және  жақындарына жанашыр болуға шақырды!