«Тікелей сайлауды енгізудің маңыздылығына келетін болсақ - бұл баламасыз жол, мұны бәрі біледі. Қазіргі кезде мемлекеттік аппарат пен өңірлік билік жұмысында екі жүйелі проблема бар: бақылау және жауапкершілік жүйесінің деформациясы. Оларды бәсекеге қабілетті және салауатты таңдау ортасын құру арқылы ғана шешуге болады. Екіншіден, тікелей сайлау басқару кадрларын сапалы іріктеу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, яғни «орталықтан» осы кадрларды одан әрі өңірлерден тартуға мүмкіндік туады. Бұл - мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі буындары. Болжамдарға келетін болсақ, бұл орындар үшін бәсекелестік деңгейі өте жоғары болады деп күтілуде. Табанды күрес болады. Бүгінде басқару элитасында, азаматтарда билік азаматтарға барынша тәуелді болып, билік әрқашан қоғамдық қысымда болуы керек, әйтпесе ол қалыпты жұмыс істемейді деген түсінік қалыптасуы тиіс», - деді саясаттанушы.  


Берік Әбдіғалиұлының пікірінше, ауыл әкімдерін сайлау азаматтық қоғамды жандандырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі келесі қисынды қадам – аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау - жергілікті жерлердегі билік пен халықты тікелей жақындатуы тиіс, өйткені адал сайлау өткізу, талаптарға сай келетін барлық ниет білдірушілердің қатысуы кезінде адамдардың жергілікті билікке деген сенімі артады. 


«Әлеуметтік желілерде әкімдерді жиі сынайды, бұл дұрыс, бірақ бұл жағдайда олар сынға алып қана қоймай, сол аудан немесе қала әкімі үшін жауап беруі керек, оған көмектесіп, оны қолдауы керек. Президент «естуші мемлекет» туралы міндетті алға қойды. Енді олар жай естіп қана қоймай, өз сайлаушыларына есеп беруі керек. Әкімдер барлық сайлауды өткізгеннен кейін дайын болады, күтпей, аудандарда тәжірибе жүзінде бастауға болады. Келесі қадамда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалар қамтылады деп сенемін. Себебі азаматтардың жоғары белсенділігі, қаланы басқаруға қатыстылығы, проблемаларды шешу, сайлау цифрландыру жағдайында жұмыс істейтін жаңа көшбасшыларды, жаңа менеджерлерді алға шығаруы тиіс. Бұл стратегиялық міндеттердің бірі», - деді депутат.