Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ҒЗИ QazVac вакцинасының 1 млн дозасы өндіріп, «СК-Фармация» қоймаларына жеткізді. Қырғызстанға 25 мың доза жөнелтілді. Бұл вакцина осы елде де тіркелді. 


«Үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеулер аяқталды. 9 шілдеде соңғы талдаулар жиналды, содан кейін шілде айының соңына дейін өңдеу, көптеген деректерге статистикалық талдау жүргізілді. 3 мың адам қатысты. Параметрлер өте көп болды. Шілде айының соңында біз үшінші кезең және бүкіл клиникалық зерттеулер бойынша қорытынды есеп дайындадық. Есеп дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына жіберілді. Қазіргі уақытта ол сараптамадан өткізілуде. Біз әлі қорытынды алған жоқпыз. Бірақ, есебімізге сәйкес, алғашқы қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық зерттеулері сәтті өтті. Есепті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мақұлдаған жағдайда, қазақстандық ғылымның жетістігін көрсету үшін кезекті халықаралық жетекші жоғары рейтингті журналға мақала жариялау үшін дайындалып жатырмыз. Мұндай мақалалар тез жарияланбайды. Бірінші жағдайда, мақаламыз 6 айға қаралды. Жыл соңында немесе келесі жылдың басында жаңа жарияланым жарық көреді деп ойлаймыз», - деді ғалым. 


Сонымен қатар, брифинг барысында ол отандық вакцинаны көрсетті. Үлгілер салқындату тізбегін сақтай отырып, арнайы термоқапта сақталады. 


Закария Жамбыл облысында Отарда орналасқан жаңа зауыт туралы да айтып берді. 


«Зауыт екі ай бойы тестілік режимде жұмыс істейді. Шілде айынан бастап валидациялық процестер– зауыттағы барлық тораптардың, болып жатқан процестердің техникалық ерекшеліктерінің сәйкестігін зерделеу басталды. Яғни, зауытта сатып алынған және орнатылған барлық заттар техникалық сипаттамаларға, вакциналарға арналған құжаттамаға сәйкес болуы керек. Бұл ұзақ процесс. Ол болашақта GMP, жақсы өндірістік тәжірибе бойынша сертификаттаудан сәтті өту үшін қажет. Біз GMP Ұлттық сертификатын алдық, қазір Халықаралық сертификаттаудан өту үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Процестер іс жүзінде аяқталды, валидациялық сериялар дайын. Олар толық сәйкес келген жағдайда өнеркәсіптік коммерциялық партиялар болады», - деп нақтылады спикер. 
Айта кетейік, ҒЗИ басшысының мәліметінше, Жамбыл облысында QazVac-пен 6051 адам егілген.