Бірінші аспекті - жобалау-сметалық құжаттама сапасының төмендігі. Жобалау кезінде іс жүзінде ескірген Snip және ГОСТ критерийлері қолданылады. 

«Жобалардың сапасын арттыру мақсатында аудандастыруды, аймақтарға бөлуді, климаттық жағдайларды, топырақтың қату тереңдігін ескере отырып, жобалау нормаларын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Климаттық жағдайларды ескере отырып, жол жамылғысын жобалау бойынша жаңа үлгілік шешімдер әзірленетін болады. Екінші, құрылыс алаңындағы сапаны нашар бақылау, мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау қызметінің инженерлері біліктілігінің төмендігі. Шешу жолдары - бұл сапа бойынша білікті инженерлерді тарту және техникалық қадағалау инженерлеріне қойылатын талаптарды күшейту, олар мердігерлер сияқты ортақ жауапкершілікті мойнына алады», - деп мәлімдеді вице-министр. 


Айта кетейік, үшінші мәселе - жол компанияларының біліктілігі мен жабдықталуының төмендігі. Қолданыстағы Мемлекеттік сатып алу ережелерінде жол құрылысының ерекше жағдайлары ескерілмеген. Сондықтан өзгерістер енгізу ұсынылуда. Көлемнің 30% аспайтын бөлігін қосалқы мердігерлік жұмыстарға беру. Бұл ретте бас мердігер осы жұмыстың барлығын өзі орындай алуы үшін техникасы мен жабдығының 70%-ы болуы тиіс. Білікті мамандардың болуы да міндетті. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша кешенді жоспар әзірледі. Кешенді жоспар аясында мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізу, ФИДИК халықаралық қауымдастығының ережелерін барлық жобаларға қолдану жоспарлануда. Техникалық қадағалау қызметтеріне қойылатын талаптарды арттыру. Жобалау және сапаны бақылау жөніндегі нормативтік талаптарды қайта қарау. Кадр мәселесі өткір тұр, сондықтан салалық мамандарды даярлау – өте маңызды мәселе. Біз Көлік туралы заңға өзгерістер енгіземіз. Барлық жолдарда салмақ өлшегіш жабдықтардың автоматтандырылған жүйесі орнатылады», - деді спикер.