«Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына (МСҚБ) техникалық қадағалаудың шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы бойынша 59 өтініш берілді. Қорытынды бойынша 12 техникалық қадағалау аттестаты, 6 айға 11 техникалық қадағалау және 3 жылға 1 техникалық қадағалау тоқтатылды, сондай-ақ 12 млн теңге айыппұл салынды. Биыл Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша алғаш рет автожолдарды жабу сапасын жақсарту үшін Қазжол ҒЗИ-мен бірлесіп жол битумының сапасын сараптау бойынша бақылау күшейтілді. Оның физикалық-механикалық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар химиялық құрамына да терең талдау жүргзіледі. Шет елдердің тәжірибесі зерделенді және битумды аудандастыра қолдануды енгізу мәселесі қарастырылуда. Ол үшін ИИДМ тапсырмасы бойынша еліміздің барлық 14 облысында жол төсемі мен жер төсемінің конструкциясына температура мен ылғалдылық датчиктерінің 25 жиынтығы орнатылды. 2-3 жыл бойы ҚазжолҒЗИ-мен бірге температура мен ылғалдылықтың ең жоғары және ең төменгі көрсеткіштерінің өзгеруіне мониторинг жүргізетін боламыз. Бұл зерттеу еліміздің барлық облыстарындағы климаттық жағдайларға байланысты инертті материалдар мен битумның оңтайлы құрамын таңдауға көмектеседі», - деді спикер.  


Сондай-ақ, 13 учаскеде пайдалану кезеңінде автожол жабынының көтергіш қабілетінің жоғалуы қатар зерттеледі. Алғашқы пайдаланған жылы қиыршық тас-құм қоспасының астық құрамының өзгергені анықталды. Сондықтан ұлттық сапа орталығы ҚазжолҒЗИ-мен бірлесіп, климаттық аймаққа байланысты жол жамылғысының конструкциясын өзгерту және битум мен инертті материалдарға қойылатын талаптарды күшейту бойынша ұсыныстар енгізуге ниетті.