Бұдан басқа, облыста алгоритмге сәйкес халықты вакцинациялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 244 егу пункті ашылды, 71 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Жоспар бойынша вакцинациямен қамту - 65% құрайды. Балқаш және Ақсу аудандарында егу науқаны толық аяқталды. 


«Жаңа оқу жылы басында жалпы білім беретін 763 мектепте оқушылар контингенті 442 420 оқушыны құрады. 1 сыныпқа қабылданған балалар саны - 49 418. Бүгінгі күні штаттық режимде оқушылардың 90%-ы, аралас форматта – 64 мыңы, синхронды оқытуда – 99 бала, 517-сі денсаулық жағдайы бойынша қашықтан білім алуда. Облыс педагогтарының 100% вакцинацияланды. Барлық мектептер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Барлық білім беру объектілерінде «Ashyq» бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап облыс бойынша балабақшалар тәрбиеленушілері арасында КВИ жұқтырудың 18 жағдайы және оқушылар арасында 209 жағдай тіркелді. КВИ жұқтыру жағдайларының таралуына жол бермеу мақсатында қалалар мен аудандардың санитарлық дәрігерлері облыстың 120 мектептің 209 сыныбында карантин енгізу туралы 176 қаулы шығарды. 2,5 мың оқушы мен мұғалім үй карантиніне ауыстырылды», - деді спикер. 


Облыс педагогтары арасында КВИ-дің 47 жағдайы тіркелді, 35 мектепте карантин енгізу туралы 35 қаулы шығарылды, алгоритм бойынша 374 оқушы мен мұғалім үй карантиніне ауыстырылды. 

«Оқушылар арасында инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ санитарлық талаптардың орындалуын бақылау үшін облыс мектептерінде мониторингтік топтар құрылды. Аталған мониторингтік топтар мектеп ішіндегі санитарлық нормалардың сақталуын тексереді. Топтарға СЭС қызметкерлері мен оқу ісінің меңгерушілері кірді. Мұғалімдер, оқушылар, студенттер мен қызметкерлер арасындағы аурушаңдыққа күнделікті мониторинг жүргізіледі. Бұл мәселелер күн сайын қала және аудан әкімдерінің қатысуымен штаб отырысында қаралатынын атап өткім келеді», - деп түйіндеді Байжұманов.