Оның айтуынша, Aitu үшін бұл өз пайдаланушыларына барынша қолайлы жағдай жасап, пайдалы болу, цифрлық сервистерді жасау, сондай-ақ еліміздің ең шалғай нүктелерінде де әрбір қазақстандыққа қолжетімді қажетті және өзекті қызметтерді ұсыну мүмкіндігі. 


Қосымшаны Appstore және Google Play Market-тен жүктеп, телефон нөмірінің көмегімен тіркелуге және «Халық санағы» шағын қосымшасына кіруге болады. Әзірлеушілер жаңа пайдаланушыларға арналған сауалнама бойынша шағын оқыту өткізеді. Осылайша, бүгінде 120 мың қазақстандық сауалнаманы толтырды. 


«Процесс аяқталғаннан кейін хабарлама нөмірі Aitu ішіндегі шағын қосымшада көрсетіледі. Нөмірді байланыс уақыты мен вирус жұқтыру қаупін азайту үшін үйлерді аралайтын офлайн сұхбат алушыларға көрсетуге болады. Сондай-ақ хабарлама нөмірі sanaq.gov.kz сайтында да қолжетімді. Aitu-да ешқандай жеке деректер сақталмайды, тек sanaq.gov.kz сервисіне кіру нүктесі ретінде қызмет атқарады. Пайдаланушылардың өзара іс-қимылы Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйесінде жүреді. Авторизациялау кезінде пайдаланушы енгізген деректер Aitu-да сақталмайды, бірақ оны Қазақстан Республикасының азаматы ретінде растау үшін қолданылады. Азаматтардың барлық жеке мәліметтері қорғалған мемлекеттік директорияларда және Aitu платформасын жасаушы компания үшін қолжетімсіз», - деді спикер.