«Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша насихаттау сапасын арттыру және оны неғұрлым проблемалық бағыттарға аудару мақсатында ТЖМ өңірлерде профилактикалық акцияларды жүзеге асырудың орталықтандырылған кестесін әзірледі. Осылайша, сәуірден тамызға дейін барлық өңірлерде ТЖ департаменттері «Қауіпсіздік үшін бірге», «Отты тоқтат!», «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс!», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол!», «Сіріңке - бір өмірдің құны» шараларын өткізеді. Осы жұмыс аясында онлайн режимде 1 400 сабақ, 1 мың дәріс, нұсқама ұйымдастырылды, сондай-ақ мұғалімдер арқылы Whatsapp мессенджеріндегі ата-аналар чаттарына өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер жіберілді, - деп мәлімдеді спикер. 


Айта кетейік, төртінші тоқсанда тағы 3 жаппай акция өткізу жоспарланған: «Әр үйге қауіпсіздік!», «Улы газдан сақтан», «Қауіпсіз Жаңа жыл». 


Өртке қарсы қызмет өкілі қазақстандықтарды, әсіресе жеке сектор тұрғындарын күзгі суықтың басталуымен пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға шақырды. Бұл өз қауіпсіздіктері үшін керек.