Оның айтуынша, акцияның I кезеңінде мамандар әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп қажетті көмек көлемін анықтау үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың үйлерін аралап шықты. Акцияның II кезеңі аясында бұл жұмыс жалғасады. 


«Әлеуметтік қорғау органдарының ақпараты бойынша, халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 мыңнан астам тұрғын үйі есепке қойылды. Бүгінгі таңда ТЖМ қызметкерлері 66 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шықты, ал 2 мың үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. 48 мың үйге әкімдік өкілдерімен бару жүзеге асырылды, олардың барысында 200 мыңға жуық азаматқа нұсқау берілді. 18 мыңға жуық тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 41 мыңы анықталды, оның 12 мыңнан астамы сол жерде жойылды. Алдын алу жұмыстары барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан тұрғын үйлерді қайта аралау жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін 2 млн-нан астам жеке тұрғын үйді аралау жоспарланған. Жаз кезеңінде жеке тұрғын үйлерде 2 мыңнан астам датчик орнатылды. Соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 120 мыңнан астам автономды датчик орнатылды. Бұл жұмыстың нәтижесінде өткен жылыту кезеңдерінде 36 датчиктің іске қосылуы 140 азаматтың өмірі мен денсаулығын құтқару мүмкін болды», - деді полковник. 


Ал 2020-2021 жылдардағы өткен жылыту кезеңінде үй-жайда улы газдың шекті рұқсат етілген концентрациясы туралы хабарлайтын атчиктің іске қосылуының 4 жағдайы тіркелді, соның арқасында жедел уланудың, 15 адамның қайтыс болуының алды алынды. Халықтың қорғалмаған топтары — көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың, зейнеткерлердің үйлерінде газ датчиктері мен газ талдағыштарды орнату жалғасуда.