Оның айтуынша, мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар, компаниялар, ата-аналар және мүдделі азаматтар суға батудың алдын алуға көмектесе алады.  


«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бірлесен іс-қимылдар ғана адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Бұл шаралар мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар деңгейіндегі іс шаралардан тұратын әртүрлі сипатқа ие шомылуға арналған ресми орындар құрудан, қауіпті жерлерде суға қолжеткізудің алдын ала тыйым салуларды алдын ала орнатудан, балаларды жаппай жүзуге оқытудан, су объектілеріндегі қауіпсіздікке қатысты тиісті заңнамадан тұрады. Сондай-ақ, ең бастысы, азаматтар демалу және су айдындарында жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы керек», - деді спикер.  


ТЖМ мәліметінше, елімізде 150 мыңнан астам табиғи және жасанды су қоймасы бар. Акваторияларда, әсіресе шомылу маусымында демалушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел басшылығы мен үкіметінің ерекше бақылауында. Суда жаппай демалу үшін жергілікті атқарушы органдар шомылуға рұқсат етілген 538 орынды анықтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға артық. ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен және жеке меншік объектілермен бірлесіп 454 құтқару және 66 медициналық бекет, сонымен қатар, аса қауіпті учаскелерде 59 маусымдық мобильдік құтқару бекетін қойды. ТЖМ құтқарушылары суда 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды.