Жалпы, 800 жуық оқулыққа ұсыныс келіп түсті.  

«Ұлттық комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобы оларды қарап, сараптап, аударылуы тиіс оқулықтардың критерийлерін шығарды. Оқулықтар сол талаптардың негізінде іріктелді. 100 оқулықты аудару жұмысы кезең-кезеңге бөлінді. Алғашқы жылы 17 оқулық, содан кейін 30, одан соң 30, соңында қалған 23 оқулық аударылып, жоба мәресіне жетті. Біз дүние жүзіндегі аударма ұйымдарының жұмыс тәсілін, технологиясын зерттедік. Сондай-ақ, оқулық шығарумен айналысатын университеттердің жанындағы алдыңғы қатарлы баспа үйлерімен, халықаралық үлкен баспа үйлерімен байланыс орнаттық. Редакция алқасы құрылып, әр кітапқа жауапты ғылыми редактор, әдеби редакторлар таңдалды», - деді Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры.