«Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуынша, мұндай ұғымдар жоқ. 


«Әлемдік тәжірибе зерделенді, жалпы, авторлық құқықты иемдену, аударма қызметін ұйымдастыру, одан әрі баспаға дайындау, баспаға шығару және тарату үшін қажетті құралдар есептелді. Бұл жерде бірнеше компонент бар. Барлық кітаптар елімізде басылып шықты. Жай ғана ашық конкурс өткіздік, оған ірі баспаларымыз, бірнеше типографиялық кешен қатысты. Аударма бірнеше деңгейден тұрды - аударма қызметі, ғылыми редакциялау, әдеби редакциялау, беттеу және басып шығаруға дайындық. Ең қиын бөлігі - құқықтарды сатып алу. Себебі бұл зияткерлік еңбек, зияткерлік меншік, автор өзі қандай баға белгілейтінін өзі шешеді. Әр оқулық бойынша жеке келіссөздер жүргізілді. Әр кітапқа жұмсалған орташа шығын - 3 860 теңге. Әр кітап орта есеппен 500-600 беттен тұрады және жұмсалған қаражат, соның ішінде авторлық құқықпен, аудармамен, басып шығарумен, таратумен байланысты барлық шығындар, барлығы бірге бір кітапқа есептеген кезде 3860 болады. Бұл қарапайым арифметика: 100 оқулық, олардың әрқайсысы 10 000 тиражбен басылып шықты, жобаның жалпы тиражы 1 млн дана. 3 860 1 млн данаға көбейтіледі, сонда 3,8 млрд теңге шығады», - деді спикер жалпы бюджетті нақтылай отырып.