Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері өңірде 45 027 науқас тіркелді, оның ішінде, 42 087 адам, яғни 93,5% сауығып шықты.  

«Жалғасып жатқан жаппай егу науқаны және алдын алу шаралары қыркүйек айының басынан КВИ сырқаттанушылықтың 1,5 есеге төмендеуіне ықпал етті. Тамыздың 20 күні ішінде 6847 адам ауырса, қыркүйектің дәл осы мерзімінде 4538 адам індет жұқтырған. Бүгінгі күні 10 стационарда 811 адам емделуде, инфекциялық төсек-орын жүктемесі 41,7% құрайды. Осыдан бір ай бұрын облыс стационарларында 1709 адам болған. Яғни инфекциялық төсек-орын жүктемесі қазіргі таңда 1,8 есеге төмендеді. Ковидтік госпитальдарда жатқызулар санының азаюына байланысты 1 мыңнан астам инфекциялық және 85 реанимациялық төсек-орын кезең-кезеңмен қысқартылуда. Ауылдық жерлерде облыстық ауруханада жоспарлы медициналық көмек көрсету толық қалпына келтірілді. Кардиологиялық орталықта жоспарлы емдеуге жатқызу толық көлемде жүргізілуде. Жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсету үшін төсектер қалпына келтірілді», - деді облыс әкімінің орынбасары.  


Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда, резервте тағы да 2 мыңнан астам инфекциялық төсек-орын бар. Реанимацияда 83 науқас ем алуда, жүктеме - 41,5%, 12 науқастың жағдайы өте ауыр.