«Сонымен қатар, биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалады, шыңы 2021 жылдың тамызына келді, тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық. Бұл елдің ішкі нарығының тарихындағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша тұтынуға қатысты осындай жағдай байқалды. Тұтынудың өсуінің негізгі себептерінің бірі транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады. Ірі ЖМҚС ақпараты бойынша, қалалық ЖМҚС шамамен 70% бензин және 30% дизель отынын, ал трассаларда орналасқан ЖМҚС керісінше, 70% дизель отынын сатады.  
Атап өткенімдей, қазан айында, ПМХЗ жөндеу жоспарланған, бұл дизель отынын өндіруге әсер етеді, бірақ күзгі дала жұмыстарының аяқталуына байланысты ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеткізілім де азаяды, бұл тұтынудың жалпы деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, тау-кен металлургия кешені сияқты ірі дизель отынын тұтынушыларға, жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ ЖМҚС желілеріне жеткізуде іркілістерді болдырмау үшін жетіспейтін көлемдердің импортын қарастыру қажет», - деп қорытындылады спикер. 


Ресей Федерациясымен 2021 жылға арналған индикативтік теңгерімге сәйкес Қазақстандағы ықтимал импорт көлемі 530 мың тоннаны құрайды. Іс жүзінде 8 айда 145 мың тонна импортталды, сәйкесінше жыл соңына дейін 385 мың тонна импорттауға мүмкіндік бар. Импортқа ешқандай шектеулер жоқ. Министрлік өз тарапынан РФ әріптестерімен қажетті көлемді импорттау мәселесін пысықтауда.