Проблемадан тыс қалғысы келмеген театр ұжымы «Бірдей болу міндетті емес» жобасын ұсынды. Ол ерекше қажеттіліктері бар бір жылдан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған. Тандем нәтижесінде екі спектакль қойылды. Әртістер осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыруда. 


«Біз «Kinder-театр» аштық, мүмкіндігі шектеулі балаларға барлық жағдай жасадық, ДЦП бар балалар ата-аналарымен бірге шығармашылықпен айналыса алады, өз таланттарын көрсетеді. Балалар «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегісін сахналады. Бұл оларға шабыт сыйлады, олармен жұмыс істеу өте қызықты болды. Әртістеріміз бір жыл бойы осы балалармен жұмыс істеді, ерекше ықылас танытты. Сонымен қатар, балалармен арнайы жұмыс істейтін психологтарды жалдадық. Біздің мақсатымыз - жағдай жасау, оларды бізден алшақтатпау үшін өмірге бейімдеу. Екінші «Жүрекпен есту қабілеті» жобасы аясында спектакльге кәсіби әртістер мен есту қабілеті нашар жастарды жұмысқа шақырдық. Тургеневтің «Муму» спектаклін таңдадық. Әртістер төрт ай бойы ым тілін үйренді. Қойылымды ең алдымен есту қабілеті нашар көрермендер тамашалады. Олар қатты қуанды, мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазақстан бойынша турнеге шығу ойымыз болған, бірақ пандемия кедергі келтірді», - деді спикер. 


Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін театрлардың қол жетімсіздігі мәселесі аса өзекті. Нақ осы жағдай жаңа идеяларға түрткі болды. 


«Жақында мен Вахтангов театр менеджерлерінің фестиваліне қатыстым. Біз көптеген театрлар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімсіз екендігін талқыладық. Біз Қазақстанда инклюзивті театрлардың Халықаралық театр фестивалін өткізуді ұйғардық. Бұл жай фестиваль емес, Көкшетау қаласы түгелдей жобаға қатысады. Қызықты сәттер көп болады. Мысалы, фестиваль қатысушылары қарапайым сыныптарда оқып, қоғамдық орындарға барады», - деп атап өтті Бақтыгереев.