Ақтөбе облысы бойынша әкімнің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров жауап берді. Оның айтуынша, науқастарға оңалту амбулаториялық және стационарлық деңгейде көрсетіледі. Барлық емханаларда тиісті емдеу-дене шынықтыру кабинеттері, физиоемдеу, емшара кабинеттері бар. 

«Жағдайы ауыр емес адамдарға тиісті жағдайлар жасалған. Тәулік бойы оңалтуды қажет еткендерге арналған бірнеше медициналық мекеме бар: Ақтөбе медициналық орталығы мен Теміржол ауруханасы базасында тәулік бойы оңалтуға арналған тиісті пункттер бар. Оңалтудың мәні ең алдымен тыныс алу жүйесін қалпына келтіру және ілеспе патологияларды емдеу болып табылады», - деп түсіндірді спикер. 


Батыс Қазақстан облысында мұндай қызмет көптеген ұйымдарда көрсетіледі. 

«Оңалту көмегін 27 медициналық ұйым көрсетеді. Оңалту үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең тікелей инфекциялық стационарда өтеді, мұнда жағдайына қарай пациенттердің шамамен 50-60% жатады. Екінші кезең қалалық көпбейінді аурухана деңгейінде және аудандық ауруханалар деңгейінде өткізіледі. Мұнда шамамен өкпесінің 50% зақым келген, өкпе жеткіліксіздігі бар науқастар жатады. Үшінші кезең - бұл емханалар деңгейінде өткізілетін амбулаториялық деңгей. Сондай - ақ, науқастарды оңалту орталығы бар Жаңғалаға жібереміз», - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.