Оның айтуынша, 2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. 


«Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің, жұртшылықтың қатысуымен әзірленді және 7 бағытты қамтиды, 64 іс-шарадан тұрады, оны 7 орталық мемлекеттік орган іске асырады. Ұлттық жоспарды іске асыру үшін Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруде. Соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 Қаулысына, Ұлттық Банк Басқармасының 1 Қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгерістер енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді», - деді спикер.  


Сонымен қатар министрлік Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік кодексінің» тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Тұжырымдама 2022 жылы, ал Кодекс 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.

 
Әлеуметтік кодекстің негізгі жаңашылдығы – әлеуметтік қызметті жетілдіру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке тарау болмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет моделі жаңартылады – әлеуметтік қызметкерлерді аккредиттеу және аттестаттау, жан басына қаржыландыру жаңа моделі енгізіледі, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі және т.б.