Ол «Хабар» Агенттігі 2016 жылдан бастап Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болғандықтан, Евровидение балалар байқауына қатысу мүмкін болғанын жеткізді. Алғашқы қарлығаш Данэлия Төлешова болды, Қазақстанның намысын қорғағандардың бірі Ержан Максим және Қарақат Башанова.  

«Өткен жылы байқау онлайн форматта өтті, оған қарамастан «Хабар» Агенттігі мен серіктестеріміз «Adam Media» еңбек етті. Дауыс беруге белсенді қатысқан барлық қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Бұл Қарақат Башанованың екінші орын алуына септігін тигізді. Биыл барлық қазақстандықтарды дауыс беруге қатысуға, Парижде өнер көрсететін және Ұлттық іріктеуге қатысатын жас таланттарды қолдауға шақырғым келеді», - деді Бисембина отандастарымызды бірлікке шақыра отырып. 


Айта кетейік, өткен жылы байқау «Сіздің дауысыңыз - біздің ортақ жеңісіміз» деген ұранмен өтті. Әрбір қазақстандық өз үлесін қосты, - деп есептейді Ұлттық іріктеуді ұйымдастырушы. Байқау ережесі мен өтінім нысаны «Хабар» телеарнасының сайтында орналастырылған.  


Музыкалық продюсер Хамит Шангалиевтің айтуынша, дарынды әншілермен жұмыс істейтін композиторлар іздестірілуде.  

 «Ержан Максим және Қарақат Башановамен біз екінші орын алдық, өте жоғары деңгейге шықтық, біздің ел өте талантты, бәсекеге қабілетті, жүлделі орын алуға дайын екенін көрсеттік. Биыл да үздік нәтиже көрсетеміз. Музыка бір орында тұрмайды, ол әрдайым дамып, жаңа бағыттарда дамиды. Сондықтан биыл сәнді тректер жазатын креативті жас композиторларды іздеп жатырмыз, сонда олар еліміздің өнерін паш етіп, баршаны таң қалдырады», - деді продюсер.