Ержан Максимнің айтуынша, ол байқаудың атмосферасын әлі де сезінеді.  


«Байқауға қатысу - үлкен мүмкіндік. Шынымды айтсам, ол бәріне беріле бермейді. Мен әлі де Евровидениені түсімде көремін, Польшадағы сахнада ән айтып тұрғаным. Бұл үлкен жоба. Ұмытылмас сәт. Қазақстандықтарды байқауға қатысуға шақырамын, оларға сәттілік тілеймін, Тек қана алға!», - деді әнші талантты балаларды үлкен сахнаға шығып, бағын сынап көруге шақыра отырып. 


Қарақат Башанова үшін - балалар Евровидениесі - өмірдің ең жарқын белестерінің бірі, ал ұлттық іріктеудің алар орны ерекше. Жас әнші қазақстандық жеңімпаздың есімін білу үшін байқаудың финалын асыға күтетінін айтты.  


«Бізді жұлдыздай көрді. Ұйымдастырушылар ұдайы қолдау көрсетіп, көмектесті, қиын болса да, біз өзімізді жайлы сезінетіндей жағдай жасауға тырысты, біз алдағы орындау туралы ғана ойладық. Мен жеңіске жеткеніме ұзақ уақыт сене алмай жүрдім, есімімзі айтқан кезде тұрып қалатынмын. Бұл әсерлі сәтті бәрі сезінуге тиіс. Сондықтан мен үлкен сахнаны армандайтын, өз өмірін әнмен байланыстырғысы келетін әрбір адамды міндетті түрде байқауға қатысуға шақырамын. Өкінішке орай, өткен жылы Халықаралық финал онлайн өтті, бірақ бұл эмоцияларға, мен алған баға жетпес тәжірибеге әсерін тигізген жоқ. Мені қолдағандардың бәріне рахмет айтамын. Биыл біз одан да артық жетістікке қолжеткіземіз деп үміттенемін. Ең бастысы - сену және қолдау! Дауыс беруді ұмытпаңыздар! Париждегі жеңісімізге қуану үшін 19 желтоқсанды асыға күтемін», - деді талантты қыз.