Ол үш МӨЗ-де дизель отынын өндірудің ағымдағы көлемі тәулігіне 16 мың тоннаны құрайтынын жеткізді. Бұл ретте елімізде дизель отынын тұтынудың жоғары деңгейі сақталып отыр - тәулігіне шамамен 16,5 мың тонна. 


«2021 жылғы 1 қазанда Павлодар МӨЗ ағымдағы жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Бұл ретте Атырау және Шымкент МӨЗ-де дизель отынының тәуліктік өндірісі шамамен 9,5 мың тоннаны құрайды. Қазан айында Атырау МӨЗ 133 мың тонна дизель, Шымкент МӨЗ 161 мың тонна өндіреді. Павлодар МӨЗ-ін жөндеуге тоқтағанға дейін кәсіпорында 27 мың тонна көлемінде дизель отынының қоры қалыптастырылатын болады, олар қазан айында жөнелтілетін болады. Сондай-ақ, АИ – 92-45 мың тонна, АИ – 95-2 мың тонна бензин қорлары қалыптастырылатын болады. Павлодар МӨЗ тоқтату кәсіпорын жұмысындағы өндірістік тәуекелдерді болдырмау мақсатында бірқатар негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу, ішінара ауыстыру және куәландыру қажеттілігіне негізделген. Сондықтан Павлодар зауытының жөндеу мерзімін келесі жылға ауыстыру мүмкін емес», - деді спикер. 


Зауытты қазан айының соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Ал тәулігіне 6 мың тонна көлемінде тауарлық дизель 28 қазаннан бастап жөнелтіле бастайды.