«Қазіргі таңда қазақстандық импорттаушылар импорт бойынша келіссөздер жүргізуде. Ресей Федерациясындағы баға нарықтық жағдайларға қарай қалыптасады. Баға белгіленімдеріне байланысты олардың ішкі нарығында көтерме баға да, әлемдік баға белгіленімдеріне байланыстырылған экспорттық баға да өзгеріп отырады. Тиісінше, қазан айындағы жеткізілімнің ағымдағы бағасы әлемдік мұнай нарығындағы жағдайға байланысты болады. Яғни, Brent және дизель отынының котировкаларының өзгеруіне байланысты. Олардан Қазақстанға жеткізу бағасы қалыптастырылатын болады. Мысалы, тарихи тұрғыдан біз қысқы ДТ-ны көп әкелеміз деп айта аламын. Былтыр оның бағасы литріне 260 теңге болатын. Бірақ жазғы және қысқы отын бағасының айырмашылығы бар», - деп жауап берді Мағауов.
Сондай-ақ, ол көрші елден әкелінетін отынның қымбаттауы туралы қорқынышты сейілтті.
«Ресей Федерациясында дизель отынының бағасы литріне 300 теңге шамасында екені рас, бірақ импорттық бағаны есептеу кезінде ресейлік бағаға көлік шығындарын автоматты түрде қосып, біздің бағаларды алуға болмайды. Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда шарттары жанама салықтарсыз жүріп жатыр. Олардың бағасында мұнай өнімдеріне акциздер мен ҚҚС үлесі өте жоғары. Салыстыру үшін, Қазақстанда импорттық дизель отынына акциз 540 теңге, ал Ресейде 55 мың теңге. Бағаның 1/6 бөлігін іс жүзінде акциз құрайды деуге болады. Тиісінше, литріне 300 теңгеден ҚҚС, акцизді алып, Қазақстанда баға тәртібі қандай болатынын есептеу керек. Бұл компаниялар арасындағы келіссөздердің қорытындысына байланысты болады деп ойлаймын», - деп түйіндеді Энергетика министрлігінің өкілі.