«Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілердің белгілі бір шеңберіне біржолғы материалдық көмек төлеудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. Аталған заң енгізілгенге дейін жәбірленушіге келтірілген залалдың орны үкім заңды күшіне енген соң соттың шешімі бойынша ғана толтырылатын. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң зиянды өтеудің қолданыстағы жүйесін өзгертпейді, керісінше жәбірленушілерге алғашқы материалдық көмек көрсету үшін жағдай жасайды. Бұл үшін Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде заңды тұлға болып табылмайтын, қолма-қол ақшаның бақылау шоты болып табылатын арнайы қор құрылды», - деді полковник. 


Қор мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды, оны толтырудың бес көзі бар. Бұл сот қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер; түзеу жұмыстарынан өндіріп алулар; регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша; ел заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.