«Бірінші санат – сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандар, сондай-ақ адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстардан жәбірленуші деп танылған адамдар. 

«Бірінші санат үшін өтемақы мөлшері шамамен 90 мың теңгені құрайды. Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар. 42 құрам бойынша өтемақының мөлшері – шамамен  120000 теңге. Үшінші санат – жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар 60 құрам бойынша өтемақы мөлшері – шамамен 150000 теңге», - деді спикер. 


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары төлемдердің тізбесін жүргізеді және төлемдерді жүргізетін Қазынашылыққа ай сайын ұсынады. 

«2020 жыл ішінде  262 жәбірленуші өтемақы алған, оларға жалпы сомасы 22 640 000 теңге өтемақы төленді, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Ал 2021 жылдың 9 айында қылмыстық қол сұғушылықтан зардап шеккен 800-ден астам адамға 100 млн теңгеден астам сомаға өтемақы төленді. Статистика бойынша төлемдер 4 еседен артық өскен», - деді ІІМ өкілі.