«Қазақстан Республикасы Адам саудасының құрбандарын әкелетін, әкететін және транзиттейтін ел болып табылатынын ескере отырып, қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға дейін оларға қатысты ауыр қылмыс жасалған шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімін ұзарту заң жүзінде көзделген. Сондай-ақ, аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл еңбек немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін қолайлы жағдай жасайды. Барлық зардап шеккендерді қорғау және оларға көмек көрсету «Ққылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңдар шеңберінде жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда жыл сайын адам саудасының 90-ға дейін құрбаны анықталады, оның ішінде 20 - ға дейін – еңбекті қанаудың  құрбандары», - деп хабарлады спикер. 


Оның айтуынша, ІІМ адам саудасына қарсы әрекет ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл ретте Катар, Индонезия, Бахрейн, Әмірліктер, Түркия мен Оңтүстік Кореяға пайдалану мақсатында біздің азаматтардың экспортына арналған сегіз арна, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан екі импорт жойылды. 


«Мысалы, биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар соңғы бес жыл  Бахрейндегі жыныстық қанау үшін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасымен айналысқан. Зардап шеккендердің жалпы саны 39 азаматты құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда», - деді спикер.