«Аталған іс-шаралар тұрақты негізде жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі. Барлық қабылданып жатқан шараларға, сондай-ақ браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылуына қарамастан, браконьерлік жағдайлары тоқтатылмай отыр.

Киіктерді сақтау мақсатында 2020 жылы ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пайдалануға тыйым салу енгізілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Орал популяциясының киіктерін сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 343040 га резерваттың қорғау аймағымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында жалпы ауданы 314504,1 га Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын (зоологиялық) құру жобасы әзірленді, негізгі бағыттарының бірі жануарлар дүниесін қорғау процесін цифрландыру болып табылатын 2020-2025 жылдар кезеңіне арналған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторинг тетіктерін, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, қайта қарау, GPS-трекерлерді пайдалану, инспекторларды төске тағатын бейнеожетондармен жарақтандыру жоспарлануда.  
Сыбайлас жемқорлық құрамын төмендету мақсатында инспекторларды мерзімді ротациялау жүйесі әзірленеді», , - деп мәлімдеді спикер. 


Сонымен қатар, «Охотзоопром» ӨБ РМҚК материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ оларды бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандыру жүзеге асырылуда. Механикалық әсерлерден қорғау үшін кеудешелер, кісендер, резеңке таяқтар (арнайы), автокөлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғылар сатып алынды.