«2019 жылдан бастап ІІМ оқу орталықтарында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК 315 инспекторына арналған оқу курстары өткізілді. Ағымдағы жылы көлік арнайы жарық, дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдардың жедел көлік құралдарының арнайы түсті-графикалық схемалары бойынша боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесіне енгізу бөлігінде жол жүрісі қағидаларына толықтырулар енгізілді.  


Түзетулер инспекторлардың жедел автомашинасында көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату, арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояу және ұйымның логотипі үшін жарқылдауық маяктың болуын көздейді. Автокөлік құралдарының түстік графикалық схемаларын түсіру біздің инспекторларды мемлекеттік органның өкілдері ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік береді 


Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың және мамандандырылған ұйымдардың материалдық-техникалық құралдарын жарақтандыру нормативтері әзірленді. Қазіргі уақытта негізделген есептеулері бар нормативтер республикалық бюджеттік комиссияда бар, – деп мәлімдеді спикер.  


Бұл нормативтерде автомотокөлік және жүзу құралдарымен, сондай-ақ басқа да мамандандырылған құралдармен жарақтандыру көзделген. 


Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында киіктің трансшекаралық таралымдарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнінде келісімге қол қойылды. 


ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің биобанкін құру мәселесі пысықталуда.