«Біз бұл мәселені бұрыннан көтеріп келеміз. Қазір Ресей Федерациясының Бас санитарлық дәрігерінің тұрақты ақпараты бар, олар да экспресс антиген сынақтарын қолдана бастады. Біз дайындадық, қалада ғылыми-практикалық жұмыс жүргіздік. Осы жұмысқа қатысқан барлық мемлекеттік және жеке құрылымдарға алғысымды білдіргім келеді. Біздің вакцинаны жасаушы Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтына ерекше алғыс айтамын. Біз тірі вирус бойынша да зерттеулер жүргіздік, мутацияланған штаммдармен де, диагностика бойынша зерттеулер жүргіздік, Қазақстанға әкелінген және тіркелген барлық негізгі тесттерді, экспресс тесттерді зерттедік, жақсы нәтижелерге қолжеткіздік, бүгінгі таңда экспресс тесттердің тиімділігі өте жоғары және біз өз есебімізді Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынамыз. Бұл кеңінен қолдануға негіз болады. Бүгінде ел ішінде науқаспен байланыста болған ондаған мың адам бар, бұл тестті мектептерде қолдануға болады, санаулы уақыт ішінде, 15-20 минутта анықтауға болады - кімнің оқуын жалғастыратынын, кімнің оқшауланатынын. Мұндай жұмыс әлем бойынша жүргізілуде. Бас санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті біздің жұмысымызды назарға алады деп ойлаймыз. Соңғы өңдеуден кейін келесі аптаның соңында министрлікке есебімізді жібереміз. Менің ойымша, бұл көп қаржы үнемдейді, өйткені қаржылық шығындар, адам шығындары, медицина қызметкерлерінің физикалық шығындары бар. Бұл модель Қазақстанның барлық аумағында қолданылады деп ойлаймын», - деп жауап берді спикер.