Оның айтуынша, «Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда» көрсетілетін жұмыстарға байланысты 6 іс-шара жоспарланған. 


«Біріншіден, мәдениет нысандарын салу және жөндеу. Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда» көрсетілетін жұмыстарға байланысты 6 іс-шара жоспарланған. Біріншіден, мәдениет нысандарын салу және жөндеу. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда 259 мәдени нысанның құрылысы жүргізіледі. Биыл республика бойынша 89 нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл ретте 2025 жылға дейін 1241-і нысаны жөнделетін болады. Биыл 250 астам мәдени нысан жөнделуде», - деді вице-министр. 


Сонымен қатар, қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында танымал ету мақсатында  республикалық музей-қорықтардың аумағында 8 визит-орталық салынатын болады. Сондай-ақ, «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын, соның ішінде мемлекеттік тілдегі ұлғайту» іс-шарасы қолға алынды. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларды толықтыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында арнайы брайль жүйесіндегі принтерлер мен брайльдің портативті тактильді дисплейлерін сатып алу үшін және баспахана ашу көзделіп отыр.  


МСМ мәліметінше, «Қазақстанның киелі географиясы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның киелі объектілерін зерттеу мен зерделеуді қамтитын 40 әралуан іс-шараларды ұйымдастыру көзделген. 2021 жылдан бастап елімізде 90-ға жуық объектілерде археологиялық жұмыстар жүргізу қарастырылған.  


«Халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында 2017 жылдан бастап республикалық театрлар мен концерттік ұйымдар шет елдер бойынша гастрольдер өтті, республикалық музейлер әлемнің 27 елінде «Алтын адамның шеруі» көрмесін ұсынды. Бұл ретте Қазақстанда жас өнерпаздарды шет мемлекеттерге таныту мақсатында арнайы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл шет мемлекетіндегі әртүрлі деңгейдегі конкурстар, фестивальдер және т.б. шараларға арнайы қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, Түркістан тарихи орталығына Сауран, Сарайшық, Отырар, Ақыртас, Сығанақ, Жанкент, Бозық қалашықтарына ұлттық музей қорығына реставрациялық жұмыстар жүргізу арқылы мәдени нысандарды сақтап қалу жұмыстары жүргізіледі. 

Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің бірегей ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша шаралар қабылдау іс-шарасы аясында қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары қолға алынды. Алдағы жылдары Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан Сауран, Алтын Асар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Яссы қалашықтарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланған», - деді спикер. 


Ұлттық жоба аясында мәдениет саласындағы отандық цифрлық ресурстарға кіру санын арттыру, оның көрсеткішін ұлғайту жоспарланған. Барлық жүргізіліп жатқан мәдени іс-шаралар, театр маусымдары, кітапхана қорлары, музейлер мен көрмелер туралы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «e–culture.kz» бірыңғай электронды платформасы іске қосылады.