Мәдениет және спорт вице-министрінің айтуынша, жалпы, ведомствода туризм мәселесі кешенді түрде қаралады. Туризмнің жекелеген түрін дамытуға мән берілмейді. 


«Мен өз баяндамамда өңірлерде жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары туралы айтып өттім. Мысалы, Түркістан облысында - Отырар қаласы, БҚО - Сарайшық қаласы. Барлығы туризм деңгейін көтеру үшін жасалуда. Қазіргі уақытта республика бойынша реставрациялау жұмыстары қолға алынды. Визит-орталықтар салынып жатқан Сауран, Сығанақ сияқты тарихи қалаларын қалпына келтіреміз. Қазіргі уақытта біз үшін тарихи сәт маңызды, екіншісі - туристерге жағдай жасау», - деп жауап берді журналист Нұрқиса Дәуешов.  


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Киелі география» жобасы жайлы айтып өтті. Осындай жерлердің тізімі жасалды. Бұл республикалық маңызы бар 250 нысан, жергілікті маңызы бар 575 нысан. Бүгінде визит-орталықтар өте белсенді салынуда. Тамғалы, Отырар, Ұлытау мұражай-қорықтарының құрылысы аяқталып, Ордабасы, Сауран, Гаухар ана мұражай-қорықтарында визит-орталықтары салынатын болады. Олардың барлығы 2GIS электронды картасына енгізіледі», - деп толықтырды ведомство басшысы.  


Айта кетейік, «Ұлытау Жошы хан» орталығы қонақтарды қабылдауға дайын. Кеше мемлекет басшысы орталықта болып қайтты. Брифингке қатысқан журналистер де киелі жердің мүмкіндіктерін бағалауға шақырылды.