Ол Үкімет қауіпсіздік еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.  


Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 0,15-ке дейін төмендеді.  


«Еліміздің кәсіпорындарында 1062 адам зардап шекті, оның ішінде 140 адам қаза тапты. Әрбір жазатайым оқиға бойынша еңбек инспекторларымен тергеп, тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. 
Салалар бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында - 19% және құрылыс саласында – 11,3%, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында да осындай оқиғалар жиі болып тұрады. Өңірлердің өнеркәсіптік сипатын ескере отырып, жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркеледі.  
Сонымен қатар, былтырмен салыстырғанда бірқатар өңірлерде өндірістік жарақаттанудың өсуі байқалады: Ақтөбе облысында - 54 адамнан 91 адамға дейін, Атырау облысында 21-ден 38 адамға дейін, Қызылорда облысында 32-ден 53 адамға дейін, және Нұр-Сұлтан қаласында 32-ден 43 адамға дейін зардап шеккен», - деді спикер. 


Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі, жұмыс берушілердің де, жұмысшылардың да қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтамауына байланысты. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен еңбек жағдайлары өз деңгейінде жасалмағаны анықталып отыр.