Камералар арқылы анықталған бұзушылықтар үшін 2,250 млн орындау туралы нұсқама шығарылды  (ол барлық жол қозғалысы ережелерін бұзудың 44%), жалпы сомасы 22,05 млрд теңге. Өндіріп алу көрсеткіші 87% құрады. 


«Мысалы: 2019-2020 жылдары Түркістан облысының жолдарында 70 жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматтық тіркеу жүйесін орнату жүргізушілердің тәртібін айтарлықтай жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының санын 21,6%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Полиция департаменттері жол-көлік оқиғасы орындарын талдап, ең қауіпті аймақтарды анықтады, олардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бейнекамералар желісін кеңейту мәселесі қозғалды. Барлығы камерамен келісуге болмайтынын немесе оны алдау мүмкін емес екенін біледі. Осылайша, автоматты камераларды орнату жолдармен жүру мәдениетін арттыруға ықпал етеді, ал жол қозғалысына қатысушылар өздерін жолдарда «даңғойлардан» қорғалғанын сезінеді. Сондықтан жолдарда «цифрлық бақылаудың» одан әрі дамуынан біз «жазалаушы» емес, профилактикалық және тежеуші әсер күтеміз. Басқа бұзушылықтар электронды планшеттердің көмегімен тіркеледі. Онда ІІМ барлық мәліметтер қоры қол жетімді. Егер көлігіңіз Қазақстанда тіркелген болса және сізде «қазақстандық» жіргізуші куәлігі болса, өзіңізбен біре тек жеке куәлік немесе төлқұжатты алып жүрсеңіз жеткілікті. Полиция қызметкері сіздің ЖСН-ді планшетке енгізіп, деректер базасы арқылы барлығын тексере алады», - деді спикер жаңашылдықтармен таныстыра отырып. 


Сонымен қатар, инспектор жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын көруге және көлік туралы ақпаратты - ұрланған ба, іздеуде немесе кепілде ме, «техникалық байқаудың» жарамдылығын  анықтайды. Бұл жұмыс «адам» факторын жоққа шығаруға және жол қозғалысын қадағалау процесстерін автоматтандыруға бағытталған.