Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 34 мыңға жуықкамера орнатылады. Ағымдағы жылы бейнебақылаумен жұмыс істеу жағдайы ең қиын 29 мекеме қамтылып, қалған мекемелерде қашықтан бейнебақылаумен қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталады. 


«Арнайы контингент қамалған және отырған орындарда орнатылған барлық камералар қорғау дәрежесі жоғары, оларды қолмен бұзу және зақымдау мүмкіндігін болдырмайды. Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, түрмедегі адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, сотталғандар тарапынан да, мекеме әкімшілігі тарапынан да болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір амалы. Сотқа дейінгі іс-жүргізу де автоматтандырылып жатыр.  
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қылмыстық іс-жүргізудің үш деңгейлі моделі енгізілуде. Жоба қылмыстық іс тіркелген сәттен бастап сотқа жіберілгенге дейін бүкіл қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу жүргізетін полиция бөлімшелерінің қызметін автоматтандыруға олардың жабдықталмағандығы кедергі болды. Сондықтан қазір барлық қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру үшін полиция заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда», - деп атап өтті спикер. 


Қазіргі уақытта 78,6% іс бойынша электронды форматта тергеу жүргізілуде.