«Бұл жерде адами фактор мүмкіндігінше алынып тасталады, жүйенің өзі ақпаратты талдап, патрульдердің жүктемесін тексеріп оларға тапсырма қояды. Тарихи деректерге сүйене отырып, қылмыстар бойынша болжамды талдауды және берілген аумақтағы құқық бұзушылықтарды енгізу жоспарлануда. Жүйе алдағы кезеңге болжам жасайды және ықтимал қауіпті аймақтардағы қылмыстың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар жасайды. Мысалы, пәтер ұрлығы көбінесе мереке, демалыс және жазғы демалыс кезінде жасалатыны белгілі. ЖБО болжамды  аналитикасы белгілі бір аумақта, белгілі бір кезеңде ұрлықтардың көбеюін болжап, оның басқа да жасырын себептік байланыстарын ашады. Шығарылған болжамдарға сүйене отырып, біз алдын алу шараларын қолданатын боламыз», - деді спикер.


Биыл полиция қылмыспен күресте халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшті. Азаматтардан хабарламаларды қабылдауға арналған омниканалдық жүйе іске қосылды. Жүйеге «102» мобильді қосымшасы кіреді, онда орталық басқару орталығының кезекші операторына баратын жедел бейнеқоңырау түймесі бар. Содан кейін пайдаланушы кеткен патрульдің нақты уақыттағы қозғалысын қадағалай алады. Құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберу үшін «Оқиға туралы хабарлау» бөлімі бар, онда пайдаланушы фотосуреттерді және / немесе бейне материалдарды қоса алады. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің кейбір мемлекеттік қызметтерін қосымшаға қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мұнда полиция қызметі туралы жиі сұралатын ақпарат орналастырылады. 


«102» мобильді қосымшасын AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады. 


Енгізілген күннен бастап мобильді қосымшаны 45 мыңнан астам адам жүктеп алды. Онда 62 мыңға жуық шұғыл шақырулар, 7,2 мыңнан астам бұзушылық туралы хабарламалар қабылданып өңделді. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдаланып мессенджерлер және чат-боттар арқылы 24 мыңға жуық қоңырау өңделді. 


«Бұл іс-шаралардың барлығы маңызды мақсатты көздейді - еліміздегі әрбір полиция қызметкерінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Оның өзі қылмыскерді жасырып, жазасыз қалуға мүмкіндігі болмауы үшін. Сонымен қатар, барлық процестердің ашықтығы мен автоматтандырылуы қағазбастылықты, негізсіз кешіктіруді жояды. Істердің жабылуы және полиция жұмысының сапасына әсер ететін көптеген процестерді жеңілдетеді. Бұл қазақстандық полицияның сапалы жаңа дамуын қамтамасыз етеді, азаматтарымыздың сенімін артып қылмыс санының төмендеуіне әсер ететін тағы бір факторға айналады», - деді ведомство өкілі.