«Кәсіпорындар ластаушы шығарындыларды азайту үшін арнайы шаралар бекітті. Сол арқылы алдағы 5 жылда шығарындылар 20% азаюы тиіс. Сондай-ақ, ең озық қолжетімді технологиялар енгізіледі. Бұл жаңадан қабылданған Экологиялық кодекс шеңберіндегі басты міндеттердің бірі. Бұдан басқа, 2020 жылы қоғамның қатысуымен өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу және ластаушы заттар шығарындыларын азайту бойынша жол карталары әзірленді. Бұл шаралар ауа сапасын жақсартуға септігін тигізеді», - деді министр.