Оның айтуынша, елімізде 2020 жылғы шілдеде деңгейлес мониторингті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп оны жүргізу қағидалары бекітілді, сондай-ақ салық төлеушілердің санаттары айқындалды. 


«Деңгейлес мониторингтің негізгі мақсаты қатысушылардың ақпараттық жүйелерге қашықтықтан қол жеткізуін белгілеу жолымен салық төлеушілердің тәуекел операцияларын жүзеге асыруына және салық және өзге де заңнаманы бұзушылықтарына уақытылы ден қоюы және олардың алдын алу болып табылады.

Мәселен, пилоттық жобаға қатысуға дербес ниет білдірген және мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын, бір мезгілде бірқатар шарттар мен өлшемшарттардың өзара іс-қимылы туралы келісім жасасу туралы өтініш берген күнге сәйкес келетін салық төлеушілер:

салық төлеушінің тіркелген активтері кемінде 325 000 еселенген АЕК құрауы тиіс;

салық төлеуші төлеген салық сомасы - 1 млрд. теңгеден кем емес; салық төлеуші автоматтандырылған бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуі тиіс;

салық төлеуші қаржылық есептілік пен ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етуі тиіс;

сондай-ақ тәуекелдің төмен немесе орташа деңгейіне жататын салық төлеушілер.

Сонымен қатар, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке, яғни квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі салық төлеушілер; өнімді бөлу туралы келісімде көрсетілген сенім білдірілген тұлғалар немесе жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниялары; инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар пилоттық жобаның қатысушылары бола алады», - деді спикер. 


Бүгінгі таңда 10 ірі салық төлеуші пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады, экономиканың түрлі секторларындағы тағы 20 компаниямен келіссөздер жүргізілуде.