«Ағымдағы жылы үйірлі шегірткелер 640,8 мың га алаңда таралған, оның ішінде итальяндық прус - 384,7 мың га, азиялық шегірткелер – 142 мың га және марокко шегірткелері – 114,1 мың га. Сонымен қатар, саяқ шегіртке зиянкестері 239 мың га алаңда таралған. Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,4 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және мониторингпен химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды, GPS трекерлерді, планшеттерді пайдалана отырып, сондай-ақ 524 бірлік автокөлік пен 1230 тексеруші тартылып, 38,4 млн га тексеріледі. 


«Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге 148 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды. Өңдеу уақтылы және жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізіледі. Шегірткелердің ҚХР, РФ, ӨР көршілес мемлекеттердің аумағынан шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегірткелер зиянкестерін анықтау мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізілді. Бұл іс-шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зақымдау, сондай-ақ шегірткелер зиянкестерінің көрші мемлекеттердің шектес аумақтарына көшуі байқалмады. Жалпы, уақытылы жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралардың арқасында шегірткелердің таралу алаңын 2018 жылғы 1,7 млн гектардан 2021 жылы 640,8 мың гектарға дейін қысқартуға қол жеткізілді», - деді комитет төрағасы.