Оның мәліметінше, 2021 жылы карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде өсімдіктер карантині саласында 5  мың заң бұзушылық анықталды, нәтижесінде 392 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Анықталған бұзушылықтар бойынша өнімдер әкелінген елдерге 792 нотификация жіберілді. 


«Бұзушылықтар Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Иран, Түркменстан тарапынан анықталды. Зиянкестердің карантиндік түрлерін анықтауға байланысты 168 нотификация жіберілді, жүк таза болмаған. Оның ішінде 168 нотификация карантиндік объектілердің анықталуына байланысты жіберілді. Бұл организмдер республика аумағына 3 мың тоннадан астам әкелу кезінде анықталып отыр. 2021 жылғы қаңтарда Комитет қызанақ және бұрыш жемістерінде карантиндік бақылау жүргізу кезінде қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы анықталды, 17 жағдайда Әзербайжаннан және 19 жағдайда Түркменстаннан әкелінген өнімде. Осыған байланысты Әзербайжан мен Түркменстан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілді», - деді А.Марсұлы мысал келтіре отырып.  


АШМ өкілінің айтуынша, биыл сәуір айында карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Германиядан, Нидерландыдан және Франциядан 228 тонна тұқымдық картоптан, сондай-ақ картоптың «Зебра Чип» карантиндік объектісімен  залалданған Франциядан 46 килограмм сәбіз тұқымын әкелу тоқтатылды, бактериялардың болуы зертханалық сараптаманың қорытындысымен расталды. 


 Жоғарыда аталған карантиндік объектісін анықтау фактілері бойынша тиісті карантиндік құжаттар ресімделді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты әкімшілік материалдар соттың қарауына жіберілді. Сот қаулысында карантинге жатқызылған өнімнің залалданған партиясын тәркілеу және жүк иелеріне әкімшілік айыппұл салу түрінде тиісті шаралар қабылданды. 


 ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы атап өткендей, фитосанитариялық талаптарды импорттаушы елдермен келісу бойынша жұмыс жүргізілуде.  


«Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында Қытай Халық Республикасымен арпа жемдік ұнына қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 9 айда Қытайға экспорт құқығы бар кәсіпорындар тізілімінде 338 қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар қосылды, барлығы 664 қазақстандық кәсіпорындар бар. Фитосанитариялық талаптар бойынша 11 хаттамаға қол қойылды», - деді А.Марсұлы.