Айта кетейік, жас ерекшеліктері бойынша шектеулер жоқ.  

«Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. Өтінімдер 22 қаңтарға дейін қабылданады. Жартылай финалистер Алматыдағы демалыс аймағында жиналады. Онда бір апта болады. Оларды қаржылық модельдеу, бизнес-жоспарлау, инвесторлармен келіссөздер жүргізу және т.б. бойынша мамандар оқытатын болады. Ал дайындықтан соң өз жобаларын бизнес періштелер алдында таныстырады», - деді спикер.  


Байқаудың бизнес-періштелері жобаның 10 финалистімен питч-сессиялар ұйымдастырады. Ең қызықты идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция алады.