«Жеке қатысуды талап етпейтін қызметтер баламасыз түрде, яғни цифрлық форматта көрсетілетін болады. Өз кезегінде, негізгі көрсеткіш бұл автоматтандырылған қызметтердің саны емес, цифрландырылған және проактивті өмірлік жағдайлардың саны болып табылады. Мысалы, бір баспанадан екінші баспанадан көшу тек құқықты рәсімдеумен ғана шектеліп қоймайды, телефонды орнату, квитанцияларды өз атыңызға ауыстыру бар. Цифрлық қызметтер осы өмірлік жағдайға бейімделуі тиіс. Архитектура мен үрдістер клиенттік тәжірибе негізінде, сондай-ақ,  мемлекеттік органның ғана емес, өмірлік жағдай тұрғысынан құрылады», - деді ведомство басшысы. 


Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында бейне-ХҚКО енгізіледі. Кез келген азамат белгілі бір жағдайға байланысты цифрлық технологияларды қолдана алмай жатса, ол смартфонға мобильдік ХҚКО қосымшасын жүктеп, бейне-қоңырау соғу арқылы қызмет ала алатын болады. Сондай-ақ, ХҚКО-лар сервистік модельге көшеді, яғни, операторлар консультация беретін болады.