Бұл ұлттық жобаның маңызды сәттерінің бірі - бірінші кезекте сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықтың жайлы өмір сүруі үшін цифрлық құралдармен қамтамасыз ету. 


Мемлекеттік медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесінің ашықтығы оны автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі.  


«Мысалы, өкпе ауруларын немесе әйел ауруларын диагностикалау кезінде науқастың суретін түсіру жеткілікті болады. Оның деректері географиялық орналасуына қарамастан, маманға қолжетімді болады, тек елордада ғана емес, еліміздің кез келген өңірінен дәрігер тексеру нәтижелерін көре алады және диагноз қояды. Жасанды интеллект өзі талдау жасай алады және науқасқа ұсыныстар бере алады. Біз осындай технологияларды бес жыл ішінде енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оқу процесін цифрландыруға келетін болсақ, біз балаларды ауыр оқулықтарды өздерімен бірге алып жүру қажеттілігінен айырып, оларға онлайн форматта - оқушының цифрлық портфелінде жұмыс істеуге мүмкіндік бермекпіз. Сондай-ақ, қалаларда 150 мың бейнекамера орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда бейнекамералар бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға көп көмектеседі. Бұл көп жағдайда қалалардың қауіпсіздігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді спикер.  


Оқытудың онлайн-форматына мәжбүрлі түрде көшу инфрақұрылым мен цифрлық құралдардың осындай форматқа қаншалықты дайын екендігін көрсетті. Пандемия нәтижесінде туындаған жағдайды талдауды ескере отырып, көрсеткіш ретінде ұлттық жобаға мектептерді 100 Мбит/с төмен емес интернетпен қамтамасыз ету де енгізілді.