Оның айтуынша, оқыту іс-шараларын өткізу қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы қызметкерлердің құзыретін тұрақты негізде арттыратын көшбасшы өңірлер болып табылады.  


«Келесі жылдың қаңтар айынан бастап Азия даму банкінің қолдауымен бірқатар әкімдіктердің жауапты мамандары Ұлыбританияның халықаралық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік мектебінде тегін біліктіліктерін арттыратын болады. Одан әрі аталған банкпен бірлесіп пилоттық өңір деп қарастырылып отырған Алматы облысында мектептерде, ауруханаларда энергия үнемдейтін жарықтандыруға және жылу сақтауға бағытталған жобалар іске асырылмақ. Егер олар оң нәтиже беріп, жақсы іске асырылатын болса, ары қарай тираждау көзделген. Соның негізінде ең алдымен ескі ғимараттарда аталған мәселелерді жоғары стандарттарға сәйкестендіру, екіншіден бұл мәселеге қатысты бюджетке түсетін салмақты 40% дейін төмендету жүзеге асырылады», - деді спикер.  


Жалпы, 2019 жылғы барлық МЖӘ бойынша қол қойылған келісімшарттар есеп комитетінің арнайы тексеруінен өтті. Нәтижесінде есеп комитетінің ұсынысы бойынша келер жылдан бастап сертификаттау және аккредиттау деген мәселелер қолға алынады. Оның барлығы НҚА сайтына орналастырылып, мүдделі тараптармен ашық алаңда егжей-тегжейлі талқыланатын болады.