Айта кетейік, инвестор мұндай ақшаны қайтару үшін жұмыс орындарын міндетті түрде көбейте алады. Бұл жеке тұлға үшін де, халық үшін де оң нәтиже береді.  

«Жеке меншік әріптестерге өз қаражатының кемінде 20%-ын міндетті түрде тарту талабы енгізілді. Бұл түзету бюджетке жүктемені төмендету, сондай-ақ инвестордың уәждемесі мен тәртібін арттыру мақсатында енгізілді. Жеке әріптесті анықтаудың жаңа тәсілі – аукцион енгізілді. Мысалы, мемлекеттік мекеменің бос пайдаланылмайтын алаңдары бар, олар бойынша мемлекет күтіп-ұстауға арналған шығыстарды көтереді. Бұл ретте, жеке тұлға осы алаңдарды белгілі бір қызмет түріне коммерциялық мақсаттарда пайдалана алады. Мемлекет аукцион өткізеді және осы алаңды жеке тұлғаға береді», - деп түсіндірді спикер.  


Бюджетке жүктемені төмендету, сондай-ақ МЖӘ-ні мемлекеттік сатып алулардан ажырату мақсатында объектіні пайдалану кезеңі және инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу 5 жылға дейін ұзартылды. Оған мемлекеттік міндеттемелердің артуына әкелетін МЖӘ шарттарының талаптарын өзгертуге шектеу қойылған. Мемлекет халыққа жүктеме салуға дайын болмаған жерлерде – пайдалану есебінен өтелмейтін жобалар бойынша жеке әріптестің шығындарын толық өтеу енгізіледі – бұл ауруханалар, мектептер, ТКШ нысандары.