ТЖМ мәліметінше, биыл 10 айда елімізде 9 мыңнан астам өрт орын алды. Өрт кезінде 358 адам жарақат алды, 297 адам қаза болды, 4 394 адам құтқарылды. Жалпы, өрттер саны 8%, тұрғын үй секторында - 13,6% төмендеді. Сонымен қатар, өрт санының жалпы төмендеуі кезінде қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсті. 


Жыл сайын жылыту кезеңі тұрғын үй секторында тұрақты түрде өрт-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылады.  


«Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде, барлық өңірлерде ТЖМ бөлімшелерімен 15 тамыздан 15 қазанға дейін республикалық өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді. Акцияның ерте басталуы пештерді жылыту маусымы басталғанға дейін, яғни жылдың жылы мезгілінде орнату кезіндегі бұзушылықтарды жою қажеттілігіне байланысты болды. Өрт қауіпсіздігі акциясының 1-кезеңінде 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың, жетім балалардың тұрғын үйлеріне бару, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін ұйымдастырылды», - деді ТЖМ өкілі.


Өрт қауіпсіздігі акциясының II кезеңі 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін ТЖ туындауына неғұрлым бейім, яғни автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерді алдын алу жұмыстарымен жалпы қамтуға бағытталған.