«Медициналық сақтандыру жүйесінде ЭКО өткізу үшін іріктеу критерийлері мынадай: репродуктивті жастағы пациенттер, ерлер факторына байланысты бедеулік, әйелдің жатыр түтікшелердің екеуі де  бітелген жағдайда, немесе операциямен алынған кезде, хирургиялық ем-шара лапароскопия, гистероскопия нәтижесі болмаған кезеңде. Сонымен қатар, гормоналдық емдеу нәтижесіз болған эндокринологиялық бедеуліктің түрі, барлық жоғарғы технологияларды пайдалана отыра ұзақтығы 1 жылдан аса бала көтере алмағандағы бедеуліктің белгісіз генезі, жамбас мүшелерінің эндометриозына байланысты бедеулік. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігінің жаңадан шыққан 272-бұйрығына түзетулер енгізілгенін атап өткеніміз жөн. Оған сәйкес, квота беру мүмкіндігінің көрсеткіштері кеңейді. Мысалы  үміткерлердің жасы 42 жасқа дейін  шектеулі болған, жаңа бұйрық бойынша әйел репродуктивті жаста болуы тиіс. Жоғарыда аталған  көрсеткіштер бұрынғы бұйрықта болмаған. Сондықтан бұл ЭКО-ға үміткерлер санын арттырады», - деді спикер. 


Медицина сақтандыру шеңберінде квота алу үшін алдымен пациент тіркелген жері бойынша емханаға барып, учаскелік гинеколог немесе уролог дәрігерлердің қабылдауында болып, толық тексеріліп, диагнозды анықтауы тиіс. 


«Бұл тексеру  медицина сақтандыру  аясында  тегін жүреді. Тексерудің нәтижесі бойынша әйелдің  құжаттары мультидисциплинарлық комиссияға көрсетеді. Ол комиссияға жетекші мамандар кіреді. Өз кезегінде комиссия пациенттің медициналық құжаттамасынан қарап, ЭКО-ға шешім шығарады. Комиссия растауымен әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді. Ем шараға дайындай бастайды. Оның барлығы электронды түрде болады. Бұдан әрі пациент өзі таңдаған ЭКО клиникадағы репродуктологқа тікелей барып, барлық ұсынымдары мен талаптарын орындай отырып, ЭКО бағдарламасына қатысады», - деді маман. 


ЭКО-ны жылына бір рет жасауға болады.