Оның айтуынша, есептік кезеңде қуаты 1,2 млн тонна, инвестиция көлемі 47 млрд теңге болатын «Алацем» цемент зауыты іске қосылды. Облыс әкімі бұдан басқа мысалдар келтіріп өтті.  


«Үстіміздегі жылы мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында біз пандемиядан кейін экономиканың өсуін қалпына келтіру, инвестициялар тарту және халықтың табысын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып келеміз. Қабылданған шаралардың арқасында 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық негізгі салаларында тұрақты өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде «Алацем» цемент зауыты, сондай-ақ алкогольсіз сусындар шығаратын «Pure Pack» зауыты іске қосылды.  Жыл соңына дейін жеміс - көкөніс өнімдерін өндіру және терең мұздату жөніндегі «Frosco» кәсіпорны, құрылыс материалдарын шығаратын «Алюгал» және «Азия темір ЛТД» зауыттары өз жұмысын бастады», - деді спикер. 


Жыл соңына қарай облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеден асады деп күтілуде, шикізаттық емес экспорт 6% артып, 392 млн долларға жетеді.