«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін және бейімделген мектептердің орнына 115 мектеп салынуы тиіс. Биылғы жылы жоспарланған 17 мектептің 5400 орындық 12-сі тапсырылды, оның ішінде алтауы жеке меншік. Жыл соңына дейін тағы бесеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 137 мектеп жаңғыртылып жатыр, оған 11,3 млрд теңге бағытталған», - деді А. Баталов.  


Мектепке дейінгі білімге келсек, жыл басынан бері 10 мыңға жуық орындық 135 балабақша ашылды. 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 процентке жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды, оның 34,3 млрд теңгесі - жергілікті бюджет қаражаты.