Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, колледждерде жоспарланған 7 жатақхананың 1 520 орындық 5 жатақханасы пайдалануға беріліп, 488 орындық екі жатақхананың құрылысы жүргізілуде.  
«Білікті маман» жобасы табысты іске асырылуда, бұған 5 жылда түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуінің 5 есе қысқаруы дәлел болады. 

«Біздің балаларымыз 1856-дан 2000-ға дейін шетелге оқуға кететін. Бүгін олар өз орындарында қалуда. Себебі, олардың 92-94% жұмысқа орналасады және өз облысының кәсіпорындарында жұмыс істеуді жалғастырады, олар жайлы жатақханаларда немесе ұсынылған басқа жерлерде тұрады. Сәйкесінше, оқыту сапасы артты. Біз ядролық салада білім ала бастағанымызға сенімдіміз және Серікбаев атындағы университетіміз Томскідегі Ресей университетіне қарағанда жоғары әлеуетке ие. Бізде ядролық индустрияның толық циклі бар. Айта кетейік, бір күн бұрын жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл бүкіл ядролық тізбектің нәтижесі. Қазақстан осы бірегей нысанды пайдалануға бере отырып, ядролық өндірістің толық аяқтау циклына ие. Бүгінгі таңда әлемде көміртекті бейтараптық мәселесі туындағанын ескере отырып, көптеген адамдар атом энергиясына назар аудара бастайды. Қазақстан бүгінде әлемде ядролық станцияларға арналған отынның негізгі жеткізушілерінің біріне айналады», - деді Даниал Ахметов.