Ағымдағы жылы облыс бойынша 280 млрд теңгеге 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 125% өсіммен 647 мың шаршы метр пайдалануға беріледі.  
Жеке инвестицияларды тарту есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысының тетігі әзірленіп, енгізілді.  

«104 млрд теңгенің 86 үйі жеке инвестициялар есебінен салынуда. Оларға тиісті инфрақұрылым берілген. Естеріңізде болса, бір жыл бұрын біз «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жариялаған болатынбыз, ол жерде мемлекеттік инвестициялардың бір теңгесіне жеке инвестициялардың бес теңгесі келеді. 36 мыңға жуық жоба іске асырылды, бұл 105 мың. Осылайша, бірнеше міндет атқарылады: халықтың ресурстары жандандырылады, ішкі сұраныс проблемалары шешіледі және мемлекеттік көздер, коммерциялық құрылыс есебінен және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен тұрғын үй құрылысының кең бағдарламасы іске асырылады. Егер бір жыл ішінде жеке тұрғын үй құрылысы 3 есеге өссе, алдағы 2023-2025 жылдары бұл көрсеткішті 5 есеге арттыруға болатынына сенімдімін», - деді спикер.  


Айта кетейік, өңірде инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Егер 2015 жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша ШҚО көрсеткіштері елдегі ең нашар болса, қазір – көшбасшылар қатарында.